Бариатрический и метаболический хирургический центр профессора Орала Оспанова

Почта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Адрес: г.Астана проспект Мангилик Ел 75 НП-№4
Тел: +7(777)901-46-47, +7(778)788-28-03
Instagram: @ospanov_md

Артық салмақтан арылтатын ота жасалды

Создано: 27.11.2014 | 18:39
Обновлено: 04.04.2016 | 08:48
3604
Категории: Пресса о нас, Видео, Новости
Ключевые слова: Лечение ожирения
Артық салмақтан арылтатын ота жасалды

Денеге пышақ тиген жоқ. Дәрігер лапароскопиялық жолмен асқазанды екі жерден тесіп, кішірейту үшін тікті. Бұл отадан кейін адам 3-4 айдың ішінде 30-35 келі салмақ тастайды

  • Видео
  • Текст

Ақтөбеде алғаш рет шектен тыс семіздікті хирургиялық тәсілмен емдеу отасы қолға алынды. Операция кезінде науқастың асқазанының көлемі кішірейтіледі. Отаны астаналық эндохирург Орал Оспанов жасады. Оның өту барысын облыстың хирургтары мен медицина университетінің студенттері үлкен экраннан бақылап отырды. Операция үстеліне салмағы 120 келі науқас жатқызылды. Ер адам. Үш сағатқа созылған отаны "Астана" мемлекеттік медициналық университеті эндохирургия кафедрасының меңгерушісі Орал Оспанов жасады.

Денеге пышақ тиген жоқ. Дәрігер лапароскопиялық жолмен асқазанды екі жерден тесіп, кішірейту үшін тікті. Бұл отадан кейін адам 3-4 айдың ішінде 30-35 келі салмақ тастайды. Шектен тыс семіздікті емдеудің бұл технологиясын және оған қажетті құралдар-жабдықтарды эндохирург Орал Оспанов өзі ойлап тапқан. Дәрігер ота жасап тұрып, бар білгенін ақтөбелік әріптестеріне түсіндірді. Ертең Орал Оспанов семіздікке шалдыққан тағы екі ақтөбелікке ота жасайды. Кейін №1 қалалық емханада тұрғындарды қабылдап, тегін кеңес береді.

Источник: rikatv.kz